Оралда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған топ ұсталды

Оралда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған топ ұсталды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бопсалау әрекеттеріне қатысы бар деген күдікпен бір топ азаматтың ұсталғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Орал қаласында 8 қазақстандық ұсталды, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды.

"Бұл адамдардың әрекеті өңірдегі кәсіпкерлік қызметке кері әсер еткен. Тінту кезінде айтарлықтай көлемде ақша және өзге де айғақ заттар тәркіленді", — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.