ОҚО кәсіподақтар орталығы латын әліпбиіне қатысты кездесу өткізді

Dalanews 17 қаз. 2017 05:55 692

Елорданың төріндегі таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісіне пікір айтып қолдап жатқандар көп. Осындай шара Шымкенттегі ОҚО кәсіподақтар орталығында Ғани Қарабековтің модараторлығымен болып өтті. Кездесуге қатысушылар елдің басты қазынасы болған ана тіліміздің латын қаріпіне көшуіне қатысты ойымен бөлісіп, қолдау білдірді.

Сонымен қатар, Оңтүстіктегі Үйлестіруші кеңестің төрағасы елімізді өркениетті 30 елдің көшіне ілестіруде белсенді болуға шақырды.

– Әлемдегі барлық ғылыми-техникалық жетістіктер латын әріпінде жазылып, таратылады. Бұл әдеттен бізде шет қалмауымыз керек! Латын алфавитіне өту – жаһандық даму үдерісінен қалып қоймаудың бірден бір жолы. Осы мақсатта қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының құрамына кіретін Оңтүстік кәсіподақтар  қозғалысы өз жиындары мен мерекелік іс-шараларында бұл мәселеге аса жауапкершілікпен қарау және латын алфавитіне өтуде білім саласының қызметкерлері бастамшылық таныту керектігі қарқынды түрде насихатталуда. Озық тілді өз мүмкіндігімізді арттыруға пайдаланып, елімізді өркениетті 30 елдің көшіне ілестіруде белсенді болайық! – деді ОҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғани Қарабеков.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар