«Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер Президентіміздің жасампаз идеяларының төңірегіне қоғамды топтастыру, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келесіздер. Демек, қандай да бір ақпарат көзінің сөзі - қоғамдық пікір қалыптастырудың темірқазығы іспетті. Сондықтан да әрбір сөзді, әрбір оқиғаны таратуда шынайылық пен адалдық қағидаларын сақтай отырып әрекет етулеріңіз барынша маңызды деп білемін», - деді өңір басшысы.
Мұнан соң, аймақ басшысы аталған салада талай жылдардан бері қызмет етіп, қоғамдағы күрмеулі мәселелерді қозғап жүрген журналистерді марапаттады.
Сонымен, «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағына «Отырар» телеарнасының директоры Валентина Куликова ие болса, «Облысқа сіңірген Еңбегі үшін» медалі «ҚР мәдениет қайраткері», «Қазақстанның құрметті журналисті» Қалыбек Атжан, журналистика ардагері Сұханберді Оразалиев және «Рабат» газетінің бас редакторы Фарида Шарафутдиноваға табысталды.
Үздік жарияланым номинациясы бойынша «Үздік телеарна» аталымын «Отырар» телеарнасы алса, «Ең үздік аймақ тілшісі» номинациясын «Заң», «Қазақстан заман» газеттерінің меншікті тілшісі Шадияр Молдабек пен «24 kz» телеарнасының меншікті тілшісі Катерина Попкова, «Үздік басылым» номинациясын «Шымкент келбеті» мен «Уақыт» газеттері, «Алтын қауырсын» номинациясын «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Ғабит Сапарбеков, «Алтын микрофон» номинациясын «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының тілшісі Төребек Байтасов, «Үздік ақпараттық агенттік» номинациясын Rgmedia.kz ақпараттық порталы, «Үздік аудандық, қалалық басылым» аталымын «Ордабасы оттары» газеті еншіледі. Мұнан бөлек, 9 тілшіге облыс әкімінің Грамотасы, 11 журналистке облыс әкімінің Алғыс хаты берілді.
Сонымен бірге, 18 адамға Түркия Республикасына жолдама берілсе, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасына белсене қатысқаны үшін 10 азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
БАҚ өкілдері құрметтелген шарада бірқатар қалам ұстаған өкілдер облыс мәслихатының Грамотасымен, Алғыс хатымен, ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің Алғыс хатымен, ҚР Журналистер Одағы ОҚО филиалы тарапының арнайы номинацияларымен, облыстық ішкі саясат басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, салтанатты отырыста облыстық БАҚ өкілдері арасында өткен «Кәсіпкерден 10 кеңес» байқауы мен «Отансүйгіштік – Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады» байқауының жеңімпаздары құттықтап, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген бірқатар блогерлер облыстық ішкі саясат басқармасының сыйлығымен марапатталды.
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнінде журналистер қауымына концерттік бағдарлама ұсынылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі