Опасыздар тізімі толығуда: Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары ұсталды

Опасыздар тізімі толығуда: Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары ұсталды


Ағымдағы жылдың наурыз айында қызметінен босатылған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов тыңшылық жасады және мемлекеттік құпияны жариялады деп айыпталуда, деп хабарлайды Dalanews.kz Ulysmedia.kz-ға сілтеп.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің мәліметінше, ол үшінші елдердің пайдасына жұмыс істеген. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.