Шығармашылық саланың 15 түрінен: фортепиано, баян-аккордеон, скрипка, домбыра, қылқобыз, академиялық ән салу, дәстүрлі ән, эстрадалық ән, халық биі, классикалық би, қазіргі заман биі, бейнелеу өнері, журналистика, поэзия және ұлттық қолөнер шығармашылығы, ым-ишарат тілінде ән айту сияқты номинациялар бойынша тартысты өткен шығармашылық додаға аудан-қалалардан 200-ден аса шығармашыл жастар қатысты.
Ұлттық рух пен шынайы кәсібилік турасында жарысқа түскен жастардың 39-ы түрлі өнер аталымдары бойынша дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау жеңімпаздары ХІІІ Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының Республикалық байқауына жолдама алды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі