2 маусымда Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысы Талас ауданының аумағына штаттан тыс қонды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қорғаныс министрлігі мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
"Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп болған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаға техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Аумақты тексеру және оқиғаның себептерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.