Сот Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёльге қатысты қамауда ұстау мерзімін тағы алты айға ұзартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұрынғы мемлекет басшысы Солтүстік Кореямен шекара маңында қақтығыс туындату мақсатында дрондарды әдейі пайдаланған деген күдікке ілінді. Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл әрекеттер Пхеньян тарапынан қарымта жауапқа түрткі болып, кейін елде төтенше жағдай немесе әскери жағдай енгізуге негіз ретінде қолданылуы мүмкін болған.
2 қаңтар күні Сеул соты Юн Сок Ёльді Солтүстік Корея аумағында дрондарды қолдануға байланысты айыптар бойынша қамауға алу жөнінде ордер шығарған. Тергеушілердің мәлімдеуінше, аталған қадамдар 2024 жылдың желтоқсанында әскери жағдай жариялауға сылтау жасау мақсатында жасалған.
