Кездесуге өңіріміздің 14 аудан, қалаларынан 100-ден астам қатысып, көкейдегі ұсыныс-пікірлерін білдірді. Өз кезегінде «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукен:
– Ұлттық құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізу үшін біз өзіміздің ұлттық кодымызды сақтауымыз керек. Ұлттық кодымызды сақтау үшін біз өзіміздің мәдени, тарихи құндылықтарымызды дамыта отырып, әлемнің жақсы қаситеттерін бойымызға сіңіруіміз керек. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Президенттің ой-пікірлері бабалардың ұлағатымен астасып жатыр. Аталарымыз ұлы дала мен ұлы мәдениетті мұра етті. Ол – жалпыға ортақ құндылық, – деп сөзін қорытындылады.
Рухани кемел ел болу – Елбасы арманы. Мәденит жаңғырып, ой-өрісті кеңейту – игі бастама. Ендеше Елбасының жастарға серпіліс беруі келешекке қамданудың әрекеті деп ой түйген жастар ауылдарда аталмыш кездесуді жалғастыруға келісті.