Freedom Inside '26

Өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігі 50%-ға жетті

Өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігі 50%-ға жетті
Gov.kz

2025 жылы жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 50 пайызды құрады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Dala News.

Министрдің айтуынша, өткен жылы өңірлерді қолдауға республикалық бюджеттен 7,7 триллион теңге бөлінген.

«Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталды. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылы 50 пайызды құрады», – деді Мәди Такиев.

Сонымен қатар министр республикалық бюджет шығыстары жоспардың 99 пайызы көлемінде орындалып, жалпы көлемі 25,5 триллион теңгені құрағанын айтты.

Оның сөзінше, Үкімет барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық орындаған.

Министрдің мәліметінше, әлеуметтік салаға 9,3 триллион теңге бөлінген. Оның ішінде 5,9 триллион теңге зейнетақы мен жәрдемақыларға, ал 2,1 триллион теңге Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бағытталған.

Жалпы алғанда, Үкіметтің мәліметінше, республикалық бюджет әлеуметтік бағыттағы басымдықтарын сақтап отыр.