Өңірлердің жұмыс тиімділігін анықтайтын рейтинг жарияланды

Dalanews 23 қаң. 2026 21:45

Мемлекеттік қызметтердің сапасы – жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі. Finprom.kz аналитикалық порталы акиматтардың бұл міндетті қалай орындап жатқаны жөнінде баяндайды. ШҚО рейтингте көш бастап тұр, деп хабарлайды Dalanews.kz

2025 жылға арналған «Мемлекеттік қызметтер сапасын қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы есепте» жергілікті атқарушы органдардың рейтингі онлайн-мониторинг пен мемлекеттік қызмет көрсету шеңберіндегі мониторинг деректері негізінде жасалып, нәтижелердің толық әрі сенімді бағалануы қамтамасыз етілді. Жалпы баға екі әдіс бойынша алынған көрсеткіштердің арифметикалық орта мәнімен есептелді.

Кешенді бағалау қорытындысы бойынша рейтингтің көш басына шыққан өңірлер:

• Шығыс Қазақстан облысы — 4,95 ұпай, толық қанағаттану деңгейі 94,6%;
• Ақмола облысы — 4,94 ұпай, толық қанағаттану деңгейі 94,1%;
• Қостанай облысы — 4,94 ұпай, толық қанағаттану деңгейі 94,0%.

Ең соңғы орындарда Қызылорда облысы (4,84 ұпай, 79,8%), Астана қаласы (4,84 ұпай, 87,2%) және Жамбыл облысы (4,84 ұпай, 87,5%) атқарушы органдары тұр.

Арнайы атап өту керек, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша көшбасшы Қарағанды облысы акиматы: баға — 4,93 ұпай, толық қанағаттану деңгейі — 93,8%.
Екінші орында — Ақмола облысы акиматы: баға — 4,93 ұпай, толық қанағаттану деңгейі — 92,7%.
Үштікті Шығыс Қазақстан облысы толықтырады: баға — 4,92 ұпай, толық қанағаттану деңгейі — 92,6%.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove