Өңірлерде теріс бұрмаланған діни топтар құрықталды

Өңірлерде теріс бұрмаланған діни топтар құрықталды
ҰҚК баспасөз қызметі

17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты әшкереледі, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олардың ортасында деструктивті діни ағым жақтастары бар 23 адам ұсталды.

ҰҚК

17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 6 адамға келу туралы міндеттеме қолданылды.

"Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адамдарды ұрлау, қорқытып алу, сондай-ақ, есірткі заттары мен атыс қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінді", - деп жазылған ҰҚК мәліметінде.

Олар құқыққа қарсы әрекеттерін теріс бұрмаланған діни қағидалармен ақтап жүрген.

Тінту барысында атыс қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, қаражат және есірткілер тәркіленді.