Бірінші кезекте ШҚО әкімі Даниал Ахметов «Құрмет» орденін «OstFish» серіктестігінің бас директоры Рашид Алшынбаевтың, Ақтоғай тау-кен өндірістік кешенінің жетешісі Эндрю Баттисонның, «Востокцветмет» компаниясының техникалық директоры Ақылжан Жәкеновтың, «Industrial Construction Group» компаниясының бас директоры Бауыржан Жиенбаевтың, ШҚО мамандандырылған медицналық орталықтың меңгерушісі Сергей Эбельдің, «Қазмырыш» ЖШС-на қарасты «Алтай» тау-кен өндірістік кешені директорының орынбасары Ерлыхан Кабдуалиевтің, «Қазмырыштың» атқарушы директорының орынбасары Тимур Тоқжігітовтың және Бесқарағай ауданы әкімі Жарқынбек Байсабыровтың кеудесіне тақты.
Ал ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның электромонтері Серік Әубев, «Елімай Көкпекті» ЖШС-ның миханизаторы Вячеслав Гетченко, «Багратион-2» шаруақожалығының дәнекерлеушісі Николай Кучерин, «Қазмырыш-ТемірТранс» компаниясының монтері Болат Мұқышев ие болды.
Осы ретте «Ерен еңбегі үшін» медальі алған азаматтардың арасында ұстаздар, мектеп директорлары, облыстық мекемелердің басшылары, еңбек адамдары болғанын айта кетуіміз керек.
Қайырымдылық іс-шараларына беслене қатысқан шығысқазақстандықтар «Шапағат» медльімен марапатталды. Олардың қатарында – «Үміт» шаруақожалығының жетекгісі Амантай Бахитияров, Балаларды оңалту орталығының логопед-дефектологы Юлия Головко, Семей жедел жәрдем стациясының дәрігері Ерболат Жанболатов, «Үміт» балалар үйінің педагог-ұйымдастырушысы Евгений Северьянов болды. Даниал Ахметов обылыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан аудан, қала әкімдері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальімен марапаттады.