«Өнерлі өлке»: Жетісай ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті

Жарбол Кентұлы 26 там. 2024 11:41 1931

Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Жетісай ауданының мәдениет күндері өтті. Екі күнге созылған шараны «Керуен сарай» кешенінде аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен гала-концерт қорытындылады. Салтанатты шараны Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков ашып беріп, Түркістан жұртшылығына ізгі тілектерін білдірді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдени шарада ауданнан шыққан танымал тұлғалардың туындылары мен әсем ән де, күмбірлеген күй де, мың бұралған би де көрініс тапты. Кештің арнайы қонағы, қазақ эстрадасының жұлдыздары, жетісайлық Асан Пердешов пен Жолдасбек Әбдіханов қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шараның алғашқы күнінде Этноауылда қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі мен ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптар көрінісі, арқан тарту, қазақша күрес, қошқар көтеру, асық ату, қол күресі мен садақ ату, гіртасын көтеру сынды ұлттық спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.

Ал екінші күні ауданның шығармашылық өнер мектептері бүлдіршіндерінің концерттік бағдарламасы мен «Асықата» халық театрының көріністері көпшілік назарына ұсынды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар