Ұлттық ұстанымдағы мемлекетшіл басшының жанындағы 2,5 жыл, өміріміздің ұмытылмас ерекше мектебіне айналды. Сол уақытта ел басқару ісі биік өнердің бірі де, бірегейі екендігіне айқын көз жеткіздік.
Осынау жылдарда ешбір тыным таппастан алып өңірді өзгертуге барын салды. Әсіресе Тәуелсіздік дәуіріндегі қайталанбас оқиға - қасиетті Түркістанға оралудың басы-қасында жүрді.
Ұлы көштің тізгінін ұстап, қиындығын көппен бірге көтерді. Жаңа Түркістанның алғашқы қазығын қағысып, іргетасын қаласуы ел тариxында өшпес із болып қалары анық.
Қайбір сын сәттерде қатаңдық танытып, талапшыл болды. Бірақ арғы жағында ағалық қамқорлығы, кең жүректі, кемел ойлы ниеті сезіліп тұратын. Әсіресе шынайы болмысқа, руxани тереңдікке ерекше мән беретіндігі жүрегімізді жылытатын.
Қызмет бабындағы қалыптасқан қасаң қағидаларды бұзып, айналасына қалыпты адами қарым-қатынаспен қарайтын қасиеттері жаратылысындағы ізгілікті байқатса керек.
Он үш ұл-қыз өскен шаңырақтан шыққан тұлғалы азаматтың қарапайымдылығы мен еңбекқорлығы екіжақтап абыройға бөлеп келеді. Жансейіт ағамызға қайбір қызметте елдің де, Елбасының да сенімін ақтап, еңбек ете беруіне шын жүректен тілекшіміз!
Бейсен Тәжібаев
Фейсбук парақшасынан