Әдетте біз латтенің қандай бағада сатылатынын жобалай аламыз, сонымен қатар қандай кроссовканың бізге шақ келетінін бірден анықтаймыз. Ал қаржы ұйымдарына қатысты біз бұлай айта алмаймыз.
Өйткені күнделікті тұтынбайтын тауарлардың нақты бағасын айтып беру қиынға соғады. Сондықтан да тұтынушы ретінде қаржылық өнімнің сапасы мен әділетті бағасын біле бермейміз. Бұл мәселе сақтандыру полистеріне де қатысты.
Бүгінгі күні Қазақстанның сақтандыру нарығында өмірді сақтандыру бойынша 9 компания жұмыс істейді. Олардың барлығы айтарлықтай ұқсас қызметтерді көрсетеді және де потенциалды клиенттер үшін қай сақтандыру ұйымына басымдық таныту кезінде күрделі таңдауға тап болады. Төменде өмірді сақтандыру компаниясын таңдау барысында назар аударуға тұратын негізгі тетіктер көрсетілген.
Лицензияның болуы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сақтандыру қызметін жүзеге асыру тиісті лицензияның болған жағдайында ғана рұқсат етіледі. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген лицензияға сәйкес, сақтандыру ұйымы туралы, оның сақтандыру санаттарымен - Сіз сақтандыру ұйымының ресми интернет-ресурсында таныса аласыз.
Сонымен қатар, өмірді сақтандыру компаниясының лицензиясы бар ма, жоқ па - реттеуші сайтындағы рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі бөлімінен тексере аласыз – gov.kz.
(https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/45288?lang=ru).
Төлем қабілеті
Өмірді сақтандыруды сатып ала отырып, сіз ұзақ мерзімді кезеңге шарт (полис) жасайсыз. Сіздің полисіңіз бойынша төлемге дейін ондаған жылдар қажет болуы мүмкін, әсіресе өмірді өмір бойы сақтандыру кезінде, сізге экономиканың, қаржы нарығының өрлеуі мен құлдырауына төтеп бере алатын компания қажет. Көбінесе төлем қабілеттілігі деп аталатын бұл сапа көрсеткіші пруденциялық стандарттармен, сондай-ақ Standard & Poor 's, A. M. Best және Moody' s сияқты компаниялар тағайындайтын қаржылық тұрақтылық рейтингтерімен өлшенеді.
Сақтандыру ұйымдары берілген рейтингтері туралы ақпаратты өздерінің ресми интернет-ресурстарында жариялайды, ал сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайтында орналастырылған. (https://www.nationalbank.kz/ru/news/svedeniya-o-vypolnenii-strahovymi-perestrahovochnymi/rubrics/1609).
Қаржылық көрсеткіштер
Сақтандыру компаниясының сенімділігін анықтау үшін оның қаржылық көрсеткіштерін бағалау маңызды. Мысалы, компанияның меншікті капиталының мөлшері, сақтандыру сыйақылары, сақтандыру төлемдерінің көлемі және т. б.
Сонымен қатар, сақтандыру компанияларының қаржылық көрсеткіштерін зерттеу кезінде жоғарыда айтылған халықаралық қаржы агенттіктерінің рейтингтері көмектеседі, өйткені олар бағалау үшін компаниялардың қаржылық есептілігін пайдаланады.
Сақтандыру шарттары
Сақтанушылар үшін өмірді сақтандыру бойынша бірнеше компания күресіп жататындықтан, сақтанушыларда компанияны тек баға саясатына қарай таңдауға ықылас туындауы мүмкін. Көбінесе сақтандыру өнімін таңдау тек құн негізінде және сақтандыру шарттарын терең саралаусыз жүзеге асырылады.
Шарттарын заң айқындайтын міндетті сақтандырудың санаттарына қарағанда, ерікті сақтандырудың шарттары әр түрлі сақтандырушыларда тиісінше әрқилы болады. Осыған байланысты Шарттың талаптарында «тұзақ тастарының» жасырыну қаупі бар, олар, өкінішке орай, сақтандыру жағдайы басталған кезде ғана байқалады. Сондықтан шарт жасаспас бұрын сақтандыру шарттарын, сақтандыру сомасын, сақтандыру жағдайларынан алып тастауды және шарттың өзге де маңызды тармақтарын тексеру маңызды. Сақтандыру шартының талаптарын зерделеуге бірнеше минут бөле отырып, сіз өз таңдауыңызға сенімді бола аласыз және үлкен қаржылық қауіпсіздікке қол жеткізе аласыз.
Сақтандыру ережелерін мұқият оқып шығыңыз. Егер сіз сенімді және адал компанияны таңдасаңыз да, әрқашан жасырын талаптардың бар-жоғын тексеріңіз, сақтандыру шартын қандай тәуекелдермен жабатынын, сақтандыру жағдайы басталған кездегі әрекет ету алгоритмін және т.б. зерттеңіз.
Сақтандыру компаниясын таңдау кезінде сіздің өзіңізге лайықты өмірді сақтандыру компаниясын саналы және ұқыпты таңдауыңыз өте маңызды, өйткені көбінесе сіз белгілі бір күнге қаржы резервін құруға мүмкіндік беретін және өміріңізге, денсаулығыңызға байланысты күтпеген оқиғалар орын алған жағдайда, сақтандыру қорғанысымен қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді өнімді сатып аласыз.