7 ақпан күні Милан-Кортина Олимпиадасы басталады. Алғашқы жарыс күнінде алты отандасымыз екі спорт түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Шаңғышылар Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Анна Мельник және Ксения Шалыгина Олимпиадалық трассаға бірінші болып шығады.
Олар 10 км классикалық стильде және 10 км еркін стильде 20 шақырымдық скиатлонда бақ сынайды. Жарыс Қазақстан уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.
Надежда Морозова мен Елизавета Голубева 3000 метрлік конькимен жүгіру жарысында Қазақстан намысын қорғайды. Жарыс Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.
Еске салайық,Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталды. Ашылу салтанатының негізгі бөлігі Миландағы әйгілі "Сан-Сиро" футбол стадионында өтті. Жарысқа әлемнің 93 елінен шамамен 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Медальдар спорттың 8 түрі бойынша 16 дисциплинада сарапқа салынып, жалпы 116 жүлде жиынтығы ойнатылады.
Қазақстан құрамасы 10 дисциплина бойынша бақ сынайтын 36 спортшыдан тұрады (18 ер, 18 әйел). Ұлттық құраманың қатысуымен өтетін барлық жарыстар Qazaqstan, Qazsport, "Хабар" және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
