Олжас Нұралдинов Мәжіліс депутаты болды

Сағыныш Сардарова 03 қыр. 2025 10:37

Олжас Нұралдинов Мәжілістің жаңа депутаты атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол өкілеттігін тоқтатқан "Ақ жол" партиясы фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбаевтың орнына келді.

Бүгін Мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдап, Қаржы және бюджет комитетінің құрамына сайланды.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутат ретінде өзіме жүктелген міндеттерге адал болуға ант етемін", - деді Олжас Нұралдинов.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар