«Ассамблея - еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған жұмыстарын жалғастыру қажет. Аталған міндеттерді орындау жолында ел бірлігін сақтай отырып, рухани жаңғырған бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруға үлес қосу – бәріміздің қастерлі парызымыз. Баршаңызды алда келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер», - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.
«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен Түркістан облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Нурсбек Капар-Пур, Түркістан облыстық «Ахысқа» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сарманбай Сафаров және Түркістан облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Сұлтанов марапаттады.