Әкімнің бірінші орынбасары қос велеосипедін элиталық үйдің кіре берісіне қойып жүріпті. Шамасы ол элиталық үйдің күзетіне мен айналасындағы бейнебақылу жүйесіне сеніп қалса керек. Бірақ әккі ұрылар бейнебақылу камерасын да, жұрттың көзіне түспей шендінің қос велигін қолды қылған.
Оқиға осыдан бір апта бұрын болғанымен күні кеше ғана Дүйсенбай Тұрғанов облыстық баспасөз қызметі арқылы болған жайды хабарлап, қолды болған мүлкіне қатысты құқық қорғау органдарына арыз түсіргенін мәлімдеді.
Өз кезегінде құқық қорғау органдары өкілдері де 11-12 шілдеге қараған күні Сәтбаев көшесінің бойындағы үйлерден Montague маркалы велосипедттің қолды болғанын растады. Тәртіп сақшылары екі жас жігіттің осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін екенін растап, оларды іздестіріп жатқандарын хабарлап үлгерді.
Егер әкім орынбасарының мүлкіне қол сұққандар табылса, олар ҚР ҚК 3 бөлігі 188 бабы бойынша күдіктілер 3 мың айлық көрсеткіш есебінде айыппұл төлейді, болмаса мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дереккөзі: sputniknews.kz
https://dalanews.kz/25466