Freedom Inside '26

Облыс әкімін алдаған аудан әкімінің не ойлағаны бар?

Облыс әкімін алдаған аудан әкімінің не ойлағаны бар?
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты жұмыс сапары кезінде Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев пен кәсіпкерлер алдап соғып, 2014 жылы лентасы қиылған «Болашақ» балабақшасын екінші рет ашты.

Бұл ресми салтанатты жиынға балалар, ата-аналар мен білім бөлімінің мамандары қатысты деп хабарлады Bnews.kz.

Агенттік, тіпті, бұл балабақшаның екі жыл бұрын салтанатты ашылу кезіндегі суретін де жария етті.

Мына суреттер дәл осы балабақшаның 2 жыл бұрын ашылғанын айғақтайды.

e7a217900fcb14f685dcceddafebafa3-700x467
e7a217900fcb14f685dcceddafebafa3-700x467
ed28c50cfe677c44848310d8b883ccc6-700x467
ed28c50cfe677c44848310d8b883ccc6-700x467


«Ауданда 558 бала  балабақша кезегінде тұр. Балаларды жаппай бақшамен қамту мақсатында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында бір балабақшаның құрылысы басталды, ал «Болашақ» балабақшасы 190 балаға арналған. Балабақшада 58 адам жұмыс істейді», — деген аудандық білім бөлімінің басшысы Рита Басмағамбетова бақшаның бұрын ашылғанын аталған интернет ресурсқа растай алмапты.

Ал жергілікті, республикалық тілшілер осыдан екі жыл бұрын балабақшаның ашылуына қатысып, сол жылдары облыс әкімі болған Архимед Мұхамбетов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қолдауымен балабақша пайдалануға берілді» деп ақпарат таратқан екен.

Сонда қалай, Шалқар ауданының әкімі баршаға мәлім жәйтті облыс әкімі білмей қалады деді ме екен?. Ол мүмкін емес секілді. Ендеше, облыс әкімін алдаған аудан әкімінің не ойлағаны бар екен, а?..

b006531388b8a2279e25e0e3761fb407-700x525
b006531388b8a2279e25e0e3761fb407-700x525


Дереккөз: kaz.365info.kz