Азық-түлік сатып алу үшін «Көкбазарға» барған сайын үйсіз-күйсіздерге біраз ақша беріп кетемін. «Көкбазарда» қайыр сұрайтын 3-4 таныс кемпір бар. Барған сайын соларға 5-6 мың теңгеден ұстатып кетемін. «О! Мақпал келе жатыр» деп, олар әрдайым мәз болғанда, жаным ашиды. Кейін араға апта салып, қайта келгенде, «өткендегі ақшаны мынаған жұмсадым" деп кәдімгідей есеп беріп жатады».
(Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісованың «Байстарс» порталына берген сұхбатынан).