Нұртілеу мен Блинкен кездесуі: АҚШ дипломаты маңызды мәлімдеме жасады

Көркем Алдабергенова 27 нау. 2024 11:15 2821

Премьер-министрдің орынбасары, Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен кездесті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Кездесу Вашингтондағы Колумбия округінде өткен. Екі тарап АҚШ пен Қазақстанның дамуына қатысты нәрселерді талқылаған.

Блинкен мен Нұртілеу екі жақты экономикалық серіктестік туралы пікірлер алмасып, инвестицияны нығайтуға және Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға, оның ішінде метан мен маңызды пайдалы қазбаларға инвестиция салуға бейілділігін атап өткен.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы адам құқықтарының маңыздылығына тоқталып, еркін БАҚ пен белсенді азаматтық қоғамның бизнеске инвестиция тартуға және экономикалық өсуге қолайлы жағдай жасаудағы маңызды рөлін атап өтті.

Сонымен қатар, Блинкен Америка Құрама Штаттарының Ресей агрессиясынан өзін қорғауды жалғастырып жатқан Украинаны қолдайтынын қайталады. Ол сондай-ақ АҚШ-тың сенімді серіктес ретінде Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына адалдығын атап өтті.

Екі тарап «C5+1» диалогын кеңейту және өткен жылдың қыркүйек айында Нью-Йорк қаласында өткен осы форматтағы алғашқы саммиттің уағдаластықтарын іске асыру мәселелерін де талқылаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар