Халықты баспанамен қамту мәселесі қай кезде болмасын өзекті. Осы ретте Түлкібас ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көпқабатты 7 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатқанын айта кету керекпіз.
Оған қазынадан жалпы 2 млрд. 600 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген екен. Қазіргі күні тұрғын үйлер ауданның Т. Рысқұлов және де Састөбе ауылында бой көтеруде. Бұл елді мекендерде бүгінде 32 мыңға жуық халық тұрады.
Құрылысы қарқын алған Т.Рысқұлов ауылында көпқабатты 5 тұрғын үй, ал Састөбе поселкесінде 32 пәтерлік екі тұрғын үй салынуда. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай 2018 жылдың соңы мен 2019 жылдың басында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Осының нәтижесінде барлығы 320 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойламақ.
Осылайша түлкібастықтардың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көретін күн алыс емес. Мұнда заманауи тұрғын үй құрылысымен бірге сол аймақтың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы да жүргізілуде. Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданда 1507 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.