Нұрлан Ұранхаев сауда үйіндегі өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтты

Dalanews 08 ақп. 2024 13:14 3749

Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев «Ақшың» сауда үйінің кәсіпкерлерімен кездесті. Жиныға ТЖД, Полиция департаментінің өкілдері, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары мен қала тұрғындары қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары қарастырылуда. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау, туындаған мәселені шешумен айналысатын «жұмыс және жедел-тергеу» тобы құрылған.

– Мен сіздерге қолдау жасалатынын және бұл жағдайға байланысты  жан-жақты ашық шешім қабылдауға кепілдік беремін. Мемлекеттік көмектің барлық тетіктері ұсынатын боламыз. Алдағы уақытта арнайы қор құрылдаы. Өйткені жергілікті кәсіпкерлерде сіздерге көмектесуге ниетті. Біз жағдай реттелгенше өз тауарларыңызды сататын 13 сауда орнын ұсынамыз, – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Кездесу барысында мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық мәселелерді қарастыратын кәсіпкерлерден бастамашыл топ құру ұсынылды.

Айта кетейік, Семей қаласындағы ірі «Ақшың» сауда орталығындағы өртке қатысты жағдай ҚР Үкіметінің және облыс әкімінің жеке бақылауында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар