Нұрлан Ұранхаев азаматтарды қабылдады

Жарбол Кентұлы 02 там. 2024 11:27 3156

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Әкім қабылдауында болған тұрғындар тұрғын үй, аулаларды абаттандыру, балалар алаңын салу, кәріз жүйесін қалыпқа келтіру, қоқыс тазалау, үй жануарларының көшеде жайылуына тыйым салуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Биыл қалалық инфрақұрылымды жақсарту бағдарламасы аясында Семейде 45 аулаішілік жолдарды асфальттау жұмыстары жоспарланған. Жоспарға сәйкес қыркүйек айының ортасына дейін тағы 20 аулаішілік аумақты асфальттау аяқталмақ. 2024 жылы 46 аула мен төрт қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстары жоспарлануда.

– Көтерілген барлық сұрақтар менің жеке бақылауымда. Тұрғындардың сауалдарына жедел және нақты жауап беру үшін халықпен үнемі кері байланыс орнату маңызды. Біз туындаған мәселелерді тез шешуге дайын болуымыз керек. Тұрғындар өз пікірлерінің шынымен маңызды екенін, олардың сұрақтары назардан тыс қалмайтынын сезінуі керек, – деді аймақ басшысы.

Азаматтарды жеке қабылдау барысында әкім барлық сұрақтарға толық жауап берді. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерді жедел шешу үшін қала әкімі мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар