Қазақстанның танымал әншісі Нұрлан Өнербаев көпшілікке жақсы таныс "Анашым" әнін енді концерттерінде орындай алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өнер иесі бұл туралы "Таң Нұры" бағдарламасында айтып, шешімнің 2023 жылы ресми түрде қабылданғанын жеткізді.
Нұрлан Өнербаевтың сөзінше, ән авторының өтінішіне байланысты туынды оның репертуарынан алынған.
"Автордың өз өтініші болды. Сол себепті енді концерттерімде бұл әнді орындамаймын. Кейде көрермен сұрағанда қысқаша айтып кететінім бар, бірақ ресми түрде ол менің репертуарымнан алынды", – деді әнші.