Нұрлан Ноғаев республикалық референдумға қатысты

Нұрлан Ноғаев республикалық референдумға қатысты
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев дауыс беретін учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының барлық жерінде референдумға дауыс беру  жалғасып жатыр. Аймақ басшысы 14 шағынаудандағы №1 орта мектепте орналасқан №31 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Аталған учаскіде 1628 адам тіркелген.

– Бүгін бәріміз үшін маңызды күн. Референдум елдің дамуына, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастардың жақсаруына ықпал етеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бүгінгі таңда дауыс беретін тұрғындар еліміздің қоғамдық өміріндегі үлкен өзгерістерді болжайды, адам құқықтарын алдыңғы орынға қояды. Бүгін референдумға қатысқандардың барлығы жарқын болашақ үшін дауыс береді, – деді Нұрлан Ноғаев.