Іс-сапар Нұрлан Ноғаевтың оқушылар сарайының жұмысымен танысуымен басталды. Шығармашылық үй 650 балаға арналған. Мұнда жыл бойы 4800 бала, 94 астам әртүрлі үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуға мүмкіндігі бар.
Оқушылар үйінде толықтай жиһаздармен жабдықталған конференц-зал, coworking-орталық, робототехника кабинеті, мобилография, шахмат, жас аспаздар үйірмелері мен музыкалық студия бар. Үйірмелерде 94 оқытушы, балалардың сапалы білімін үздіксіз қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, облыс әкімі Жаңаөзен қаласының көпбейіндік ауруханасында болды. Соңғы үлгідегі медициналық техникалармен жабдықталған ауруханада 548 медициналық қызметкер бар.

Сонымен қатар, Нұрлан Ноғаев, бір ауысымда 50 адам қабылдауға қауқарлы дәрігерлік амбулаторияда және 250 балаға арналған көпфункционалды спорт кешенінде болды. Мұнда балалар негізінен баскетбол, волейбол, шағын футболмен тегін шұғылданады. Ангар типтегі нысанның ауданы 1000 шаршы метрді құрайды.
Нұрлан Ноғаев балалардың денсаулығы мен білім деңгейі ұлтымыздың кемел келешегінің кепілі екеінін ерекше атап өтті.
– Жаңаөзендегі әлеуметтік нысандар балалардың жан-жақты дамуы үшін құрылған және бұл оларға жаһандық ғылыми-техникалық прогресс жағдайында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Осындай нысандардың арқасында Жаңаөзеннен болашақ әлем чемпиондары шығады. Сондай-ақ, бүгін медицина қызметкерлерінің жұмысын көріп қуанышты болды. Моноқалаларда медицинаны дамыту халықтың денсаулығы мен әл - ауқатын қамтамасыз етуде, инвестициялар тартуда, экономикалық өсуді қолдауда және өңірдің тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауда маңызды рөл атқарады, – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Қазіргі таңда тәлімбаққа қаладағы мүмкіндігі шектеулі балалар келіп, осындағы жылқылардың көмегімен иппотерпия өтеді. Болашақта ағаштардың санын көбейтіп, балаларға арналған ипотерапия жобасын кеңейту жоспарланған.