– «GLB» үй құрылысы комбинатының қуаты жылына 450 мың м2 тұрғын үйге дейін ұлғайды. Бұл үй құрылысы комбинатының артықшылығы – сапасына зиян келместен құрылыс уақытын қысқартуға, шаршы метрдің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді, – деді елорда әкімі.
Аталмыш комбинат құрылысы ұзаққа созылған үйлердің (Бағыстан, Алтын шар) проблемасын шешуге, сол сияқты әлеуметтік тұрғын үй салуға бағытталған. Зауыттың қуатын арттыру арқылы әлеуметтік нысандар құрылысының қарқыны күшейіп, қосымша тұрақты жұмыс орындары құрылады.
– Осыған дейін үй құрылысы комбинаты несие берушілер мен кәсіпорын қызметкерлеріне 600 млн теңгеге жуық қарыз болған. Мемлекеттің қолдауының арқасында бұл қарыз өтеліп, комбинаттың жұмысы қайта жанданды.
Бұдан бөлек, 2020 жылдың соңында ModeX үй құрылысы комбинатының жұмысы іске қосылды, – деді Алтай Көлгінов.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қалада тұрғын үй бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайған. «Elorda Jastary» арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қосылып, тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылар саны ұлғайғанын айта кетуіміз керек. Өз кезегінде әкім «тұрғын үй сертификаттарының сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық» дейді елорда әкімі.