Нұр-Сұлтанда 26 мамырда пара алу кезінде мәдениет бөлімінің басшысы Нұрлан Сыдықов ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Көкшетау Азия" ақпарат агенттігіне белгілі болғандай, Нұрлан Сыдықов "Алау" спорт кешенін күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты 10-12 миллион теңге көлемінде ақша алып жатқан кезде ұсталды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің өзі тергеу изоляторына қамалған.