Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы дайындалуда.
Мониторинг топтар күшейтілген режимде карантин іс-шараларының сақталуын қадағалау жұмысын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар Ashyq жобасына кірген нысандардың жұмыс сапасын бақылау да қатаңдатылған.
"Осылайша, жабық саяжайлар мен аквапарктердің, оның ішінде бассейндердің, қалалық саяжайлардың, ашық ауадағы аквапарктердің, серуендеуге суда жүзетін кемелердің (теплоход, катер, қайық, катамаран, су скутері және т.б.), кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынады.
Түнгі клубтардың Ashyq жобасы аясында жұмыс істеуіне тыйым салынғандықтан олар да жұмыс істемейді. Ashyq жобасынсыз жұмыс істейтін жазғы алаңдар демалыс күндері жұмысын тоқтатды. Сонымен қатар демалыс күні қоғамдық көліктер жүрмейді. Автобустар зарарсыздандырылады", - деп атап өтті әкімдіктен.
Мұнан бөлек, орналасқан жеріне қарамастан мейрамхана, дәмхана, кофейня үлгісіндегі қоғамдық тамақтану нысандарына (Ashyq жобасына қатыспайтын) жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беріледі және сенбі, демалыс күндері жабық болады.
Ашық ауада қызмет көрсететін тамақтану орындары жұмыс күндері сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ал сенбі және демалыс күндері штатты режимде тапсырысты жеткізіп берумен ғана айналыса алады.
Ал Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану нысандарына ғимараттың ішінде жұмыс күндері сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілмек. Бірақ, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. Ашық ауадағы тамақтану орындарына апта бойы сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр.