Нұр-Сұлтанда бюджеттік қызметкерлерге де жалға пәтер берілетін болды

Dalanews 25 қыр. 2019 08:19 628

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елордадағы мемлекеттік және бюджеттік ұйымдарының қызметкерлеріне тұрғын үй қорынан жалға пәтерлер беруді ұсынды.

Бұл пәтерлер өздерінің үйлерін алуға кезектері келгенше берілетін болады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы беделін арттыруды да көздеп отыр. Жалға пәтер алу туралы заң жобасының тұжырымдамасы 8 қазанға дейін жарияланады.

Бұған дейін жастарға арналған баспананы алу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет екендігі жарияланған болатын.

Сондай-ақ, министрлік тұрақты тіркеуге тұру мәселелерін де қозғады.

Министрліктің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласындағы Оңтүстік-шығыс ауданындағы үйлердің бірінде 1700 адам тіркелген.

Биыл қаладағы көші-қон қызметі мен полиция қызметкерлері осындай пәтерлерден 20 478 адамды тіркеуден шығарып, 43 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар