Топқа «Адалдық алаңы» жобасы мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері, танымал блогерлер мен қоғам белсенділері тартылады.
Қалалық білім басқармасы бұл шараға ата-аналарды да қатысуға шақырады.
Топқа мүше болу үшін осы мекеменің сайтында өтініш қалдыру керек. Сонымен қатар талап бойынша мектеп жасына дейінгі баласы мен санитарлық кітапшасы болуы міндетті. Бүгін өтініштерді қабылдау басталды. Осы аптаның соңына дейін оған қатысушылардың тізімі жасалады.
Ал, келесі жетіден бастап, мектепке дейінгі мекемелердің асханаларындағы тамақ сапасын тексеру басталады.
– Былтырғыға қарағанда шағымдар саны 35 пайызға азайды. Осы жұмысты біз жалғастырамыз. Қалалық мониторинг тобын мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтандыру сапасын қадағалау мақсатында кеңейтіп отырмыз. Белсенді ата-аналарды осы жұмысқа ат салысуға шақырамыз.