Онлайн жүздесуде Б.Пұсырханов ұстаздар қауымына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарласымен таныстырып өтті.
Бүгінгі таңда «Nur Otan» партиясының құрамы шынайы жаңарып, толықтырулармен айқындалуда, қазіргі таңда 90 пайызға жуығы – жаңа тұлғалар, жастар, белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдарына, ауыл тұрғындарына көп көңіл бөлінетіне ерекше назар аударылғанын Б.Пұсырханов атап өтті.
Өз кезегінде ұстаздар қауымы Бесқарағай ауылындағы интернеттің сапасы сын көтермейтінін алға тартты. «Nur Otan» партиясының аудандағы жетекшісі Б.Пұсырханов:
– Интернеттің сапасы сын көтермей тұрғанын жақсы білемін. Бұл мәселе көптен бері біздің партияның назарында. «Nur Otan» партиясының ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын дайындағанда осы мәселені де жоба-жоспарға енгіздік. Алдағы уақытта бұл мәселе оң шешімін табатын болады, – деп үміткер-кандидат ойын ортаға салды.
(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Аққулы ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)