«Nur Otan» әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейді!

Dalanews 30 жел. 2020 10:43 752

«Nur Otan» партиясынан Шымкент қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер Оспаналиева Рашкуль, Мейрманов Қайрат, Юсупов Бахтияр  №7 қалалық емхана ұжымымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында партияның алдағы 5 жылдық бағдарламасы баяндалып, сол бағдарламадағы медицина саласындағы басымдықтар жайлы сөз қозғалды.

– Алдағы 5 жылдықта қаламыздағы медициналық мекемелер базасы нығайтылады, шетелдік заманауи технологиямен жабдықталады, 1000 орындық көпсалалы аурухана салынады, медициналық нысандар тапшылығы шешіледі. Қазіргі таңда қалада 10 медициналық мекеме құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақытта 12 дәрігерлік амбулатория салынады, 39 медициналық мекеме жөндеуден өткізіледі, дәрігерлердің еңбек ақысы өседі, – деді Рашкуль Оспаналиева.

Расында пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық ахуал кезеңінде медицина саласына түскен ауыртпалық 2 есеге артты. Стационарлар мен провизорлық орталықтардағы төсек орындардың 96 пайызы науқастармен толды. Бұл өз кезегінде медицина саласына ерекше көңіл бөлу қажет екенін көрсетті.

Партияның бағдарламасында айтылған міндеттер орындалған жағдайда  халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,6-дан 77,4 жасқа дейін ұзарату көзделген.


Одан әрі ұжым қызметкерлері, ақ халатты абзал жандар өз талап-тілектерінде айтып өткендей, кемшіліктер де жоқ емес. Соның бірі емхана шет ауданда орналасқандықтан дәрігерлерге кешкі уақытта қатынау мәселесі қиындық тудыратыны айтылды. Партия белсенділерін халық алдағы уақытта осы бағыттағы қоғамдық көліктерді жүргізу мәселесін көтерді. Бұдан басқа тұрғын үймен қамту жайлыда сауалдар қойылды. Кандидаттар бұл сауалдарға тұшымды жауап беріп, ұжым қызметкернлерін алдағы сайлауға қатысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие.

«Nur Otan» партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз!

#Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!



(Материал ақысы Шымкент қаласы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді).

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар