Нүкенованың есімі жазылған мемориалдық тақта: әкімдік мән-жайды түсіндірді

Сағыныш Сардарова 07 қаз. 2025 09:20

Қостанай облысының Амангелді ауданы әкімдігі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың есімі "Қазақстанның маңызды тұлғалары пантеонына енгізілді" деген ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әкімдік мәліметінше, 2020 жылдан бері Амангелді ауылында меценаттың бастамасымен үлкен туристік кешен салынып жатыр. Соның бір бөлігі – "Ұлттық жады қабырғасы" атты мемориалдық қабырға. Онда танымал тарихи тұлғалардың есімдері жазылған 296 тақта орнатылған. Мемориал жобасы 2024 жылғы мамырда ресми түрде мақұлданып, қазір жергілікті биліктің балансында тұр.

"Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақтаға келсек, ол мемориал қабырғамен байланысы жоқ жеке аймақта орналасқан. Бұл кеңістік меценаттың жеке бастамасымен құрылған және ондағы тақталар да оның өз қалауы бойынша орнатылған. Олар мемлекеттік мемориалдық нысанның бөлігі емес", – деп нақтылады әкімдік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін оның ағасы Айтбек Амангелді Қазақстанның маңызды тұлғалары пантеонына тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың есімі енгенін мәлімдеді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар