Нью-Йоркте қызылша ауруы өршіп тұр: ТЖ жарияланды

Нью-Йоркте қызылша ауруы өршіп тұр: ТЖ жарияланды
ЖИ: Dalanews.kz

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында қызылша ауруының өршуіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, 3 қазан күнгі мәлімет бойынша Нью-Йорк штатында қызылшаның 108 жағдайы тіркелген. Оның жетеуі Нью-Йорк қаласының тұрғындары арасында анықталған.

Жалпы АҚШ бойынша қызылша жұқтырғандар саны 3887 адамға жеткен. Бұл – соңғы 30 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Елдегі ең ірі ошақтардың бірі Пенсильвания штатында тіркеліп отыр. Мұнда мыңнан астам адам қызылша жұқтырып, бес адам көз жұмған. Мамандар аурудың одан әрі таралу қаупі сақталып отырғанын айтып, тұрғындарды вакцина салдыруға және санитарлық талаптарды сақтауға шақыруда.