Нығматулиннің әйелі Дубайдағы 50-ге жуық пәтердің иесі болып шықты

Көркем Алдабергенова 26 қыр. 2024 15:40 1591

Дубайда мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің әйелі Венера Баймұрзаеваның атына тіркелген 50 шақты жылжымайтын мүлік анықталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Азаттыққа сілтеме жасап. 

Тізім басында 860 шаршы метрлік үй. Living Legends деп аталатын коттедж қалашығындағы мүліктің құны шамамен 670 миллион теңге. 

Fairooz ғимараты: "Азаттықтан" скриншот

Fairooz деп аталатын ғимаратта Венера Баймұрзаеваның атына аумағы 500 шаршы метр апартамент тіркелген. Оның нарықтағы құны шамамен 850 миллион теңге. 

"Азаттық" деректері бойынша, Венера Баймұрзаева бұдан бөлек премиум санаттағы бірнеше пәтердің иесі. Мысалы ол DM MESK ғимаратында жалпы құны жарты миллиард теңгелік екі пәтер Баймұрзаеваға тиесілі.

Сондай-ақ Royal Oceanic ғимаратында 270 миллион тұратын апартамент, Regal ғимаратында 250 миллион теңгелік пәтердің, Bahar кешенінде 150 миллион теңгелік пәтердің иесі. 

Сонымен қатар, Дубайда Венера Баймұрзаеваның құдағиы Мағда Ыдырысовамен бірігіп алған 42 пәтері бар. Олардың бәрі ғимараттың 14-қабатында орналасқан үйлер. Яғни қаладағы бір үй толығымен екеуінің иелігінде. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар