Freedom Inside '26

Назарбаевтың жиен немересі әжесінің бастаған ісін жалғастырмақшы

Назарбаевтың жиен немересі әжесінің бастаған ісін жалғастырмақшы
Dalanews.kz коллажы

Қазақстанның Тұңғыш президентінің немересі Нұрәлі Әлиев әжесі Сара Алпысқызы Назарбаева бастамашы болған "Өзін-өзі тану" пәнін әрі қарай дамытуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Нұрәлі Әлиев бұл туралы сұхбаттарының бірінде айтып, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудің маңызды екенін атап өткен.

"Өзін-өзі тану" пәні Қазақстан мектептеріндегі міндетті оқу бағдарламасына 2010-2011 оқу жылында енгізілген еді. Аталған бағдарлама Сара Назарбаеваның бастамасымен қолға алынып, оқушылардың бойында адамгершілік, мейірімділік, ізгілік және ішкі үйлесімділік қалыптастыруға бағытталған курс ретінде ұсынылған.

Алайда 2022 жылы Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі бұл пәнді міндетті сабақтар қатарынан алып тастау туралы шешім қабылдады. Министрлік бұйрығына сәйкес, "Өзін-өзі тану" міндетті пән мәртебесінен айырылып, факультативтік сабақ форматына ауыстырылды.

Осыған байланысты Нұрәлі Әлиев аталған бағытты қайта жандандырып, рухани тәрбие мәселесіне көбірек көңіл бөлу қажет екенін жеткізген.