Назарбаевтың немересі федерация басқарады

Dalanews 01 там. 2017 06:29 849

Астана әкімінің бұрынғы орынбасары, бизнесмен, Қазақстан президентінің үлкен немересі Нұрәлі Әлиев Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясына басшылыққа келді.

Федерацияның ресми сайтында Нұрәлі Әлиевтің бір ауыздан сайланғаны жөніндегі ақпарат 27 шілдеде берілген.

Қазақстан президентінің үлкен немересі, қызы Дариға Назарбаеваның тұңғыш ұлы Нұрәлі Әлиев 2014 жылдың желтоқсан айынан 2016 жылдың наурыз айына дейін Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Кейін ол өз еркімен бизнеске кететінін мәлімдеді.

2016 жылдың сәуір айында 32 жастағы Нұрәлі Әлиевтің аты-жөні «панама құжатында» (саясаткерлер мен бизнесмендердің оффшорлы есепшоты жөніндегі мәліметтер) жарияланды.

Кейбір елдерде бұл материалдар үлкен жанжалға ұласып, саясаткерлердің отставкасымен аяқталған. Журналист-зерттеушілердің халықаралық консорциумы (ICIJ) жариялаған құжаттар Қазақстан қоғамында пікірталас туғызғанымен, билік жауап бермеді. Бас прокуратура сол кезде құжатта жарияланған дәйектер "шындыққа сәйкес келмейді" деген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар