Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиев туған күнін Дубайда дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Туған күн кешінен кадрларды Әлиевтің өзі әлеуметтік желідегі парақшаларында бөліскен. Суреттерден туған күнде оны балалары да жүргенін байқауға болады.

Туған күн Дубайдағы Terra solis Dubai курорттық қонақүйінде өткен.

Кеште қазақстандық этно топ өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев, Forbes мәліметтері бойынша, Қазақстандағы ең бай 75 адамның рейтингінде 39-орында.
Ол «Capital Holding» ЖШС мен «Darmen Holding» ЖШС-нің мажоритарлық акционері.
Әлиев Дубайда (БАӘ) орналасқан Donatello Hotels and Resorts қонақүй желісіне, Алматыдағы Donatello Boutique Hotel қонақүйіне, сондай-ақ Алматы мен Астанадағы бірнеше мейрамханаға иелік етеді.
Ақпан айында Әлиев Instagram парақшасында сату мәмілесіне байланысты «Транстелеком» АҚ акционерлері құрамынан шығатынын мәлімдеді.