Қызылорда қаласындағы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталатын саябақты қайта жаңғыртуға 13 миллиард теңге бөлінбек, деп хабарлайды Dalanews.kz ҚазТагқа сілтеп.
"Тапсырыс беруші – Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі КММ;
атауы – тұрғын емес ғимараттарды/құрылыс нысандарын/ғимараттарды қайта жаңғырту жұмыстары;
қосымша сипаттама – "Қызылорда қаласының Тұңғыш Президенті саябағын қайта жаңғырту";
жоспарланған сома – 13 120 508 659 теңге", – делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 2025 жылдың 8-24 қаңтары аралығында өтеді.