Назарбаевпен байланысты жоба істен шықты

Сағыныш Сардарова 11 сәу. 2024 10:23 3173

Қазақстанда nazarbayev.kz сайты жұмыс істемей қалды. Сайт қашаннан бастап қосылмай қалғаны белгісіз, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сайтқа кірген кезде ашылмай тұрғаны байқалды.

2023 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынан "елбасы" сөзі алып тасталған еді. Сонымен қатар, сайттың домені өзгеріп, nazarbayev.kz болды.

Бұған дейін бірқатар ведомстволық наградаларға өзгерістер енгізетін Президент жарлығының жобасы жарияланды. Яғни елбасы сөзі кездесетін наградалар өзгерді.

Жарлық жобасына сәйкес "Елбасының қауіпсіздігін ерлікпен қамтамасыз еткені үшін" медалі "Лайықты қызметі үшін" медалі болып өзгертіледі.

"Елбасының қорғаны" төсбелгісі бұдан былай "ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қызметкері" деп аталады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар