Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кетті

Dalanews 29 мам. 2023 04:35 981

Назарбаев Университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

“13 жылға жуық қызмет атқарғаннан кейін Президент Катсу өз лауазымынан кету туралы шешім қабылдады. Университет қауымдастығы Назарбаев Университетін концепциядан Қазақстандағы бірінші әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдырған Президент Катсуға көрнекті көшбасшылығы мен көрегендігі үшін зор алғысын білдіреді.

Президент Катсудың басшылығымын Назарбаев Университеті аймақтағы жетекші жоғары оқу орны ретінде белгілі нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы күзде Назарбаев Университет тұңғыш рет Times Higher Education университеттердің әлемдік рейтингіне кіретін болады.

Президент Катсудың кемелдікке және инновацияларға деген мызғымас берілгендігі меритократия және академиялық адалдық принциптеріне негізделген озық зерттеулер, академиялық өсу және халықаралық ынтымақтастық үшін жағдай жасауда маңызды рөл атқарды. Назарбаев Университетінің қауымдастығы Президент Катсуға оның үлкен үлесі мен тұрақты әсері үшін алғысын білдіреді”, – делінген хабарламада.

Шигео Катсу Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып қала бермек. Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және Жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қызметін жалғастырады. Бұдан бөлек, Катсу сонымен қатар университет президентінің міндетін атқарушының кеңесшісі қызметін атқарады.

Жуырда Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Назарбаев универсиетіне қомақты қаржы бөлінгенін, бірақ Қазақстан ғылымында айтарлықтай жетістік жоғын айтып сынға алған еді.

«15 жылда біз Назарбаев университетіне барлық жағдайды жасадық, қаржыны төктік. Зертхананы соларға бердік, статусын күшейттік. Оларды ешкім тексермеді. Бәрін бердік, алайда нәтиже жоқ. 2020 жылы (жоғары оқу орнына) 7 млрд 600 млн теңге, 2021 жылы – 7 млрд 21 млн теңге, 2022 жылы 2 млрд 154 млн теңге бөлінген. Бұл қомақты қаржы ғой. Алайда нәтиже қандай екені белгісіз. Мысалы, олар бір жылда 15 патент қана алған.

Барлық университеттің аузынан жырып алып, бәрін осыған (Назарбаев университетіне) бердік. Бірақ олардың басқа жоғары оқу орындарымен байланыс жасағанын естімедік.


Халықаралық төрт бірдей рейтингті көрдім. Назарбаев университеті ешбірінде жоқ.... Бөлінген қаржы қайда кетті?», - деді депутат.

Еске салай кетейік, бұған дейін Назарбаев университеті Шигео Катсудың қызметтен кетуі туралы хабарды теріске шығарған болатын.

https://dalanews.kz/T-rmys/89942-ortalyq-aziiadagy-dini-yekstremizm-ony

https://dalanews.kz/ekonomika/89660-zhalgan-brokerler-dauiri-alaiaqtarga-u

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар