Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен Кремль қабырғасында кездесті, деп хабарлайды Dalanews.kz
Кездесу барысында нақты қандай мәселелер талқыланғаны, қандай саяси шешімдер айтылғаны белгісіз. Ресей БАҚтары тек кездесу болғанын жарыса жазып жатыр.
Баспасөз қызметі жариялаған бейнекадрларда Путин мен Назарьаевтың ақ түсті әсем гүл композицияларымен безендірілген дөңгелек үстел басында әңгімелесіп отырған сәті бейнеленген.
