Назарбаев пен Құлыбаев “Астана Опера” қамқоршылық кеңесінен неге шығарылды?

Көркем Алдабергенова 26 нау. 2025 14:15 540

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі “Астана Опера” театрының қамқоршылық кеңесінің құрамын не үшін өзгерту туралы шешім қабылдағанын түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz Informburo.kz сайтына сілтеп. 

14 наурызда “Ашық НҚА” порталында жарияланған қаулы жобасына сәйкес, қамқоршылық кеңестен Дариға Назарбаева, Тимур Құлыбаев, Кеңес Рақышев, Нұрлан Смағұлов, Алмасадам Сәтқалиев, Александр Машкевич (ол кезде кәсіпкер тірі болған) және Патох Шодиевті шығару ұсынылды. Олардың орнына Бахаридин Аблазимов, Райымбек Баталов, Нұрлан Жақыпов, Шухрат Ибрагимов және Сегер Хайтинг кіруі мүмкін.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Informburo.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында театрдың қамқоршылық кеңесі кеңесші орган екенін және оның шешімдері ұсыныс ретінде қарастырылатынын айтты.

“Кеңестің басты міндеті – театрдың қалыптасуы мен дамуына қолдау көрсету: бюджеттен тыс қаржы көздерін тарту, шығармашылық жоспарларды жүзеге асыруға көмектесу, кәсіби шеберлікті арттыру үшін жағдай жасау, халықаралық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету және басқару жүйесін жетілдіруге ықпал ету”, – деп түсіндірді министрлік.

Айта кетейік, “Астана Опера” басшылығында да өзгерістер болды. 11 наурызда театрдың жаңа директоры болып Александр Совостьянов тағайындалды. Министрлік кадрлық өзгерістердің әлі де жалғасуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондай-ақ, театрдың қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін билет бағасына түзетулер енгізілуі мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар