"Ректорлармен жұмыс істеу керек. Білер болсаң, орнында он жылдап отырған ректорлар бар. Сен (Білім және ғылым министріне қарата, ред.) соның бәрін сүзіп шық. Қазір ғана Қасым-Жомарт Кемелұлымен келістім.
Бұдан былай ректорларды президент тағайындамайды. Бұл іс Үкіметке жүктеледі.
Нақты жұмыс істейтін, білім мен ғылымға жаны ашитын, жастарға сапалы білім беретін адамдарды ғана қалдыру керек. Бұлай етпедің екен ендеше білім саласында ештеңе атқара алмайсың. Сонда жастардың да қолдауы болады", - деді тұңғыш президент.
Айта кетейік, елордада Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтуде.