Назарбаев: "Митталға айта барыңдар..."

Dalanews 07 қыр. 2018 04:48 720

Қарағанды облысына сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев осындағы Теміртау жылу электр стансысының қуатына қатысты пікір білдіріп, станыны модернизациялауды талап етті. 
"Қуат жетпей жатыр. Аздық етіп жатыр.  "Арселор Митталдан" кім бар?" деді Назарбаев жиналған жұртты көзімен шолып. 

Өз кезегінде жиынған қатысқан компанияға өкілі стансыны модернизациялау кәсіпорын жоспарында қарастырылғанын тілге тиек етті. 

"Мен бұл стансыны 60-шы жылдары салуға атсалыстым. Теміртау комбинатын және тұтас қаланы қамтамасыз етіп отыр. Бұл тоқтап қалса, күллі қала жылусыз қалады. Бұл қалай өзі? Жұмысқа неге жауаппен қарамайсыңдар?
Менен Миттал мырзаға дұғай-дұғай сәлем айтыңдар. Үкімет хабарласады оған. Осы жерде айтылған мәселені қарастырып, тез арада жауабын берсін.

Жұмысқа жүрдім-бардым қарауға болады деп кім айтты сіздерге? Тұтас Теміртауды жылумен, сумен қамтамасыз етіп отыр емес пе, бұл комбинат? Ертең комбинатқа келемін. Жағдайды көзіммен көремін. Бәрін жіпке тізетін боласыздар", – бұл орайда Президент. 

Назарбаев бұдан сырт Қарағандыдағы экологиялық ахуалды да сөз етті. 

"Ауаға 600 мың тонна зиянды заттар шығарылады екен. Бізде осыны бақылайтын біреу бар ма?
600 мың  тонна деген күллі республика бойынша ауаға тасталатын зиянды заттардың төрттен бір бөлігі.

Теміртауда тіпті шойын қара қар жауды. Мұндағы комбинат модернизацияға үлкен көлемдегі қаржы бөлмекші екен. Ақшаны бағыттарда экология мәселесін ескерер деген үміттемін", – деді Мемлекет басшысы. 

Сөзінің түйінінде Назарбаев жергілікті әкім-қараларға Үкіметпен бірлесіп экологияны сауықтыруға қатысты кешенді шара қабылдауды тапсырды. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар