Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесті (видео)

Dalanews 29 мам. 2025 23:14

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев дәл қазір Мәскеуде жүр. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады деп жазады Dalanews.kz.

«Бүгін Ресей президенті Кремльде Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті», – деді Песков.

Кездесудің нақты қандай мәселе бойынша өткені әзірге хабарланған жоқ.

Айта кетейік, Назарбаев пен Путин соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында Мәскеу түбіндегі Ново-Огарёвода жүздескен болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар