Наурыз мерекесі туралы 180 мың видео: TikTok онлайн-фестивальдің қорытындысын жариялады

Қаракөз Амантай 21 сәу. 2025 14:52 194

TikTok #Наурыз2025 үшінші жыл сайынғы мерекелік онлайн-фестивальдің қорытындысын шығарды.  Платформаның қолданушылары бұл бастаманы зор құлшыныспен қолдады: жоба өткен екі аптаның ішінде қазақстандықтар Наурыз мерекесіне қалай дайындалып, қалай атап өтетіні туралы 25 мыңнан астам видео жариялаған. Фестиваль өткізіліп келе жатқан үш жыл ішінде қолданушылар Наурыз мерекесі туралы жалпы саны 180 мыңға жуық видео түсірген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл онлайн-фестиваль серіктестер саны жөнінен де рекорд орнатты. Олар: ҚР Мәдениетжәне ақпарат министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, Visit Shymkent, Алматы туризм бюросы және «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы.

• Онлайн-фестивальге сондай-ақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен 24 Жоғары оқу орны қатысты.

Қысқа видеолар жасауға арналған TikTok бірегей платформасы бірнеше жылдан бері Қазақстанның бай мәдени мұрасын қолдауға және насихаттауға бағытталған түрлі бастамаларды жүзеге асырып, қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүр көркемдігін бүкіл әлемге паш етуіне мүмкіндік беріп келеді. Осындай бастамалардың бірі, TikTok-та үшінші жыл қатарынан өтіп жатқанНаурыз мерекесіне арналған онлайн-фестиваль. Платформаның Қазақстандағы мыңдаған қолданушылары көктемнің ең жарқын мерекесін жұмыла атап өттіі.

#Наурыз2025 TikTok-та

Биыл онлайн-фестивалді TikTok қолданушылары қызу қолдады: небәрі екі апта ішінде олар #Наурыз2025 хэштегімен 25 мыңнан астам видео жариялады. Платформа қолданушылары Наурыз мерекесі туралы жан-жақты баяндады: мерекедегі дәстүрлер мен оның шығу тарихы, ұлттық тағамдар әзірлеу әдісін бөлісіп, ән әуелеп, би шалықтаған мерекелік шаралардан репортаж түсіріп - төл мәдениеттің көркем бейнесін айшықтай түсті.

Ресми серіктестерден бөлек, жобаны TikTok-тағытанымал креатрлар онтент да қолдады. Дарынды домбырашы Жақсы @zhakso_ "Қамажай" әнін ерекше өңдеп орындады, ал @ult_kazynasy білім беру жобасына қатысушылар Наурыз мерекесіне қатысты қызық деректерді бөлісті. Аспаздық контент жасайтын креатор Сания @saniya_sagiimbaeva керемет безендірілген ұлттық тағамдар әзірлесе, саяхатшы креатор Асет @travelove100 қолданушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар TikTok алғаш рет елдің ірі қалалары: Астана, Алматы және Шымкенттегі мерекелік іс-шаралар өткен алаңдарда арнайы интерактив орындар әзірледі. Бұл орындар осы қалалардағы мыңдаған тұрғындары мен қонақтардың көзайымына айналды.  

Мерекелік дастархан

Тамақ - фестивальдің басты тақырыптарының бірі болды. Қолданушылар қонақтарға жайылған дастарханды көрсетіп, наурыз-көже, қуырдақ жәнетүрлі тәттілердің дайындалу жолын көрсетті. Нағыз аспаздар сайысына қатысып, Қазақстандағы түрлі аспаздық мәдениетті қалай ұштастыруға болатыны туралы әзілдесті. Сондай-ақ ұлттық тағам ұсынатын мекемелерге шолу жасап, әралуан тконтент ұсынды.

Ұлттық музыка және би

Мереке кезінде TikTok-та  ұлттық әуендер әуеледі.  Домбыра трендке айналды: домбырада шебер ойнайтын  қолданушылар өнерін паш етіп,  дәстүрлі және заманауи туындыларға кавер тартты. Сондай-ақұлттық киім киіп, би  билеу де TikTok лентасынжаулады. Әсіресе Сая Махамбеттің "Қазағымсың"әніне билеужеке трендке айналды. Қолданушыларбұл әнге үйде, достарымен, отбасымен бірге билеп, тіпті әнді скрипкамен де сүйемелдеп көрді.

Заманауи және дәстүрлі сән өнерінің үйлесімі

Фестивальдің ең елеулі тренді - ұлттық сән өнеріне және оны қазір заманға бейімдеуге деген айнымасқызығушылық болды.  Қолданушылар ұлттық киімдердіжаңғыртып, заманға сай интерпретацияда ұсынды. Тіпті олар мереке күні беттеріне ою-өрнектермен макияж жасап, ұрпақтар жалғастығы мен мәденимұраға осылай да құрмет көрсетті.

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі TikTok платформасының жылсайынғы #Наурыз2025 онлайн-фестивалін өткізу бастамасын құптайды. Бұл бастама ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды қадың көпшілікке, әсіресе жастарға насихаттауға ықпалетеді. Біз цифрлық платформалардың материалдықемес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Наурыздың тарихына, мерекелік дәстүрлерге шынайы қызығушылықтанытқан қазақстандық қолданушылардың белсенділігі ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен ұлттық бірегейлікті сақтауға деген заманға сай ұмтылысты көрсетеді. Мұндай бастамалар елдіңмәдени тұтастығын нығайтып, креативтіиндустрияның дамуына септігін тигізетініне сенімдіміз», деп атап өтті ҚазақстанРеспубликасының Мәдениет және ақпаратминистрлігі.

Мерекелік іс-шаралар

TikTok платформасы  Астанадан Шымкентке, АқтауданАлматыға дейін, еліміздің түкпір-түкпіріндегі қалалармен ауылдарда өткен мерекелік іс-шаралардантүсірілген  жарқын көріністерге толды. Көктемнің еңкөркем мерекесін атап өту үшін миллиондаған адамкөшеге шығып, ұлттық тағамдардан дәм татып, түрліойын-сауық шараларына қатысып, мерекелік көңілкүйлерін TikTok - та  бөлісті.  Рекорд та тіркелді: Көкшетауда 1600 әйел кимешек киіп, әсерлі шеруөткізді. Ал Ақтауда 5 мыңнан астам адам ұлттықкиіммен Каспий теңізінің жағалауына жиналып, салт-дәстүрге деген құрметті паш етті.

Студенттердің шығармашылығы

Биылқазақстандық жоғары оқу орындарыныңстуденттері мен оқытушылары ерекше белсенділіктанытты.  Олар ұлттық киім киіп, қойылымдарғақатысып, дастархан жайып, ЖОО қабырғасындаНаурыз қалай тойланатынын көрсетті. Жалпы, #Наурыз2025 онлайн-фестиваліне Қазақстанның 24 жоғары оқу орны қатысты. Мысалы, AlmatyManagement University-де ұлттық киім үлгілерікөрсетілсе, Narxoz University студенттері би трендінеқосылды, Nazarbayev University-де домбырамен күйшертті, ал ZhanibekovUniversity студенттері мерекелікшаралардың видеоларын бөлісті.

«Қазақстандық жоғары оқу орындарының #Наурыз2025 онлайн-фестиваліне қатысуызаманауи цифрлық платформалардың білім беру үрдісін тиімді түрде толықтыра отырып, студенттердің мәдени мұраны сақтау мен насихаттауына атсалыса алатынын көрсетті. Жастардың ұлт дәстүріні креатив, музыка, сән жәнеөнер арқылы зор шабытпен паш етуі бізді қуантадыбұл зердері әрі мәдени тұрғыда орныққан тұлғанықалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Білім, шығармашылық пен ұлттық құндылықтардыұштастыратын осындай бастамаларды министрлікалдағы уақытта да қолдай бермек», – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатқызы Щеглова.

Өнер мен дәстүр

TikTok-тағы суретшілер мен қолөнер шеберлері өзшығармаларын Наурыз мерекесіне арнады. Қазақмәдениетінен шабыт алған біріп оны картинағаайналдырса, тағы бірі кілемге сурет салып, тіпті біріқолдан шағын киіз үй де жасап көрсетті.

Наурызотбасылық мереке ретінде

TikTok қолданушылары сүйікті мерекені отбасыменбірге қалай атап өтетінін бөлісті, ал тағы бірі үшін бұлалғашқы Наурыз тойы болды. Мерекеге дәрігерлер, кеңсе қызметкерлері, полиция өкілдері сияқты түрлікәсіп иелері де белсене атсалысты. Тіпті үйжануарлары да атсалысты.

«Бүгінде біз шетелдік туристердің қазақмәдениетіне, асханасына, салт-дәстүрі мен өмірсалтына деген ұдайы  қызығушылығын байқапотырмыз. Саяхатшылар көбіне-көп терең де мағыналы дүниелер іздейдіолар нағыз ұлттықмұраны танып-білгісі келеді. Осы тұрғыда жастарғажәне жалпы қоғамға қазақтың бай дәстүрін заманауицифрлық платформалар арқылы көрсетуге мүмкіндікберетін бастамалардың рөлі ерекше. Бұл процескежастардың белсенді түрде араласуы - аса маңызды», — деді Kazakh Tourism басшысы ҚайратСадвақасов.

«Соңғы үш жылда Наурыз мерекесіне орай онлайн-фестиваль өткізуге үлес қосқанымызды мақтанетеміз.  Осы уақыт аралығында Қазақстанныңтүкпір-түкпіріндегі қолданушылар ұлттық мерекегеорай 180 мыңға жуық бейнеролик түсіріп, өздеріносынау ірі мәдени шараның бір бөлшегі сезініп, өзхалқының мәдение мұрасын бір-біріне ғана емес, бүкіләлемдегі TikTok қолданушыларына паш ете алды. Мұндай нәтиже бізге зор шабыт сыйлады және бізҚазақстанның ұлттық мәдениетімен қатар, еліміздің бүкіл өңіріндегі қолданушылардыңшығармашылық рухына қолдау көрсетуді жалғастырабереміз»- деп атап өтті TikTok-тың Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша операциялық бөлімінің басшысы Мелис Чаглар. 

TikTok туралы

TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар